ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ЛИГАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Әдеби жігіттер»  атты жайдарман құрамасы үлкен жетістікке жетті! Олар Республикалық Жайдарман ойындарының «Ұлттық» лигасына жолдама алды!

Бұл керемет жаңалық @jaidarman_production ресми парақшасында жарияланды.

Жастарымыздың жеңісі тек университетіміздің ғана емес, бүкіл Тараз өңірінің абыройын асқақтатады. Команданың жарқын жеңістері мен шығармашылық жетістіктеріне әлі де куә боламыз деген үміттеміз!

Прочитано 151 раз
Top