8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов түрлі салада еңбектерімен көзге түсіп жүрген нәзік жанды аруларға марапаттарын табыстады.
Салтанатты жиында «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Хадия Караматуллаеваға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
«Журналистика және филология» кафедрасының доценті Асима Нусупова және «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Айгул Кабиева Жамбыл облысы Әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
«Қолданбалы математика және физика» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Кейкиманова, «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Марина Кенжебаева және «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Сауле Джаксыбаева Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогикалық психология» кафедрасының меңгерушісі Клара Сматова, Филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Саулет Шормакова, Философия докторы (PhD), «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Гульжан Идрисова, «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Нуржан Калмашева, «Дизай және сән индустриясы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Роза Пернебаева Жамбыл облысының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Гаухар Санай, «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы Макпал Аргинбаева, «Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Елена Макарова, «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Рабига Макулбекова, «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Тилеубекова, Жоспарлау-экономикалық басқармасының басшысы Айганым Мусаева «Тараз қаласы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессор Бегзада Солтыбаева , «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы Оразкуль Досымова, «Педагогикалық психология» кафедрасының аға оқытушысы Айгерим Кебеева, «Орыс тілі және әдебиет» кафедрасының аға оқытушысы Жансая Сарсембек, «Физика және информатика» кафедрасының оқытушысы Балнұр Қарымсақова «AMANAT» Партиясы Жамбыл облыстық филиалының Алғыс хатымен марапатталды.
«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Укан Раймбекова, «Химия» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD РаушанТаубаева, «Әлеуметтік психология» кафедрасыныңағаоқытушысы, психология магистрі Куралай Сайлыбаева, «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының аға оқытушысы Гулжанар Туреханова Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қазметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі м.а Гульсара Тургунтаева, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Айнагуль Блялова, «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Айжан Абжапарова, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының т.ғ.магистрі, аға оқытушысы Галия Касымова, «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы Асем Абдуалиева, «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Әсел Кәдірбай Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
«Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Елена Макарова және «Практикалық шетел тілдері » кафедрасының аға оқытушысы Айжан Толкумбекова Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Марапат иелерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!