ҚЫЗЫЛ ӘЛЕМ - ҚЫЗҒАЛДАҚ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Дулати университетінде «Қызыл әлем - қызғалдақ» атты салтанатты мерекелік шара өтті.

Мерекелік жиынды Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, жылы лебізін жеткізді. Жер-дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген аруларды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтап, нәзік жандылардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.

Мейірімділік пен сұлулық, даналық пен рухани қуаттылық салтанат құрған шарада жарқын қойылымдар мен жүрекке жылы құттықтаулар ұсынылып, әуезді әндер мен билер орындалды. Құттықтау сөздер айтылып, әйелдерге деген құрмет көрсетілді. Мерекелік шара мағыналы әрі мазмұнды, шабыт пен сезімге толы концертпен өрнектелді. Көрермендер кеш соңында естелік суретке түсіп, бір-біріне жүрекжарды тілектерін жеткізді.

кызгалдак1111

кызгалдак222

кызгалдак3333

кызгалдак444

кызгалдак5555

кызгалдак6666

кызгалдак7777

кызгалдак8888

кызгалдак9999

 

Прочитано 38 раз
Top