Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау және Физикалық және химиялық ғылымдар бағыттары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте Сымбат Наурзкулова Муратбековна диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Этанолдың булы айналымы үшін күрделі оксидтерге негізделген Ni-Ru құрамды композиттердің синтезі мен қасиеттері».
Диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшілері: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университетінің профессоры, Химия ғылымдарының кандидаты Бакытгуль Масалимова, Г.К.Боресков атындағы катализ институтының профессоры, х.ғ.д. «Толық тотығу катализаторлары» зертханасының меңгерушісі Владислав Садыков.
Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!