СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында «Du Union» студенттік парламентінің президенті Асель Тоқпанова Технологиялық факультетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу мақсаты – университеттегі өзекті мәселелер және оларды шешудегі студенттік ұйымдардың рөлі. Асель Тоқпанова студенттерді белсенді болуға, университет өміріне атсалысуға және туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды. Ол студенттік ұйымдардың маңыздылығын атап өтіп, олардың білім сапасын арттыруда, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда және жастардың бастамаларын қолдауда үлкен рөл атқаратынын айтты.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жатақхана жағдайы, оқу процесіндегі қиындықтар, инфрақұрылымды жақсарту секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, алдағы уақытта іске асырылатын жобалар талқыланды.

Бұл кездесу студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы байланыстарды нығайтуға, студенттердің бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды қадам болды. «Du Union» студенттік парламенті алдағы уақытта да осындай кездесулер ұйымдастырып, студенттердің мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысатын болады.

кездесу1111

кездесу2222

кездесу3333

 

Прочитано 65 раз
Top