ДІНИ ҰСТАНЫМДАР МЕН ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ӘДЕБІ

Университетіміздің №1 студенттік жатақханасында Әлеуметтік жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен «Діни ұстанымдар мен дұрыс тамақтану әдебі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға Дулати университетінің Басқарма мүшесі-Әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректор А.Е.Тұрлыбек, «Садыхан» медициналық орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері Л.И.Көрпеш, Әлеуметтік жұмыс басқармасының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев және студенттер қатысты.

Басқарма мүшесі-Әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы жат діни ағымдар адам санасын басқа бағытқа бұратындығы және осы арбауға түсіп қалмаудың жолдары туралы тереңінен түсіндіріп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын айтты. Елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарды қауіп төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, ата-анаға қарсы шығу, темекі шегу, нашақорлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Кездесу барысында өңірлерде тарап жатқан діни өнімдерді сұрыптап, халыққа тек сенімді дереккөздерге жүгіну қажет екенін түсіндіру – сіз бен біздің негізгі міндетіміз деп Бахтияр Қаржаубайұлы ақпарат берсе, Лаура Исатайқызы тарапынан дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына әсері, ағзаға қажетті пайдалы өнімдерді таңдау, дәрумендер мен минералдар туралы кеңестер берілді.

Кездесуде түйткілді мәселелер қозғалып, студенттердің сауалдарына тұшымды жауаптар берілді. Бүгінгі кездесу дін мен қоғам арасындағы үйлесімділікті нығайту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, ысырапшылдықты болдырмау сынды маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

дын уст11111

дын уст2222

дын уст333

дын уст4444

дын уст555

 

Прочитано 116 раз
Top