ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА АРНАЛҒАН ПОРТФОЛИО ЖАСАҚТАЛДЫ

«Педагогикалық білімнің әлеуетін күшейту» KZEMP/QCBS-03 Халықаралық жобасы аясында 2024-2025 оқу жылында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 12+1 педагогикалық білім беру бағдарламалары толықтай жаңартылды.

«Педагогика» кафедрасының оқытушылары - Клара Бузаубакова, Айбала Мамбетова, Сауле Бупетаева 1 курстың «Мұғалім кәсібіне кіріспе» атты педагогикалық практикаға арналған педагогикалық күнделік және портфолиосын жасақтады. Портфолио инновациялық мазмұнымен ерекшеленіп, ақпан айынан бастап сынақтан өткізілуде.

Практика барысында болашақ педагогтер мектепке шағын экскурсия жасап, «Мектеп басшысы-практикант» тақырыбында сыр-сұхбат жүргізді. «BILIMCLASS.KZ» ақпараттық білім беру жүйесінің қызметтік мүмкіндіктері және артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп, әдістемелік нұсқаулық-бейнеролик түсірді. Сонымен қатар, сыныпқа психологиялық мінездеме жасап, әлеуметтік картасын дайындау арқылы өз пәні бойынша сабақтың қысқа мерзімді жоспарын (ҚМЖ) жасау қабілетіне ие болды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен танысып, инновациялық мазмұндағы тәрбиелік іс-шараның үлгі-жоспарын әзірлеуді үйренді.

Педагогикалық портфолиоға авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы № 54388 куәлік алынып, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасты.

порт1111

порт222

 

Прочитано 156 раз
Top