АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Байзақ ауданы білім бөлімінің Сарыкемер мектеп-гимназиясында «Эстетика» пәні бірлестік мұғалімдері «Көркем еңбек және музыка пәндерінде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбындағы аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті.

Семинарды мектеп-гимназия директоры А.Б.Қуатова ашып, семинар қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарға Дулати университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары доцент Рахманова Ж.С., PhD докторы Сарыбаева Э.Е., аға оқытушы Касымова Г.А., «Өшпес мұра» Жамбыл облысының колөнершілер ассоциациясы» басшысы Абдуллаева Г.И., «Өшпес мұра» Жамбыл облысының колөнершілер ассоциациясы» мүшесі Құдайбергенова Г.А. қатысты.

Жасанды интеллектіні шығармашылық пәндерде тиімді қолдану тәсілдерін көрсету бойынша бірлестік мұғалімдері «Бұйымды әзірлеу», «Қоршаған ортаны қорғау», «Кино және музыка» тақырыбында ашық сабақтармен бөлісіп, «Ұлттық қол өнердің жаңғыруы», «Оқу процессін цифрландыру барысында жасанды интеллектіні оңтайлы қолдану» шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

«Өшпес мұра» Жамбыл облысының колөнершілер ассоциациясы» мүшелері Абдуллаева Г.И., Құдайбергенова Г.А. «Жүннен ылғалды әдіспен гүл басып шеберлік сыныбын көрсетті.

Білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметінде өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында Сарыкемер мектеп-гимназиясымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Технологиялық» факультеті арасында келісім-шарт жасалды. «Жасанды интеллектіні шығармашылыққа қосу арқылы бәсекеге қабілетті тұлға дайындау» қажет екенін атап көрсетіп, Байзақ аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Сұлтанбекова семинарды қорытындылап, ұйымдастырушыларды Алғас хатпен марапаттады.

Дулати университетінің доценті Рахманова Ж.С. «Жасанды интеллектіні шығармашылық жұмыста қолданудың ерекшеліктеріне тоқталып, сөз соңында ғылыми-әдістемелік семинар-практикумды ұйымдастарушылар Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры А.Б.Қуатованы, ДҒӘ І орынбасары Ш.Л.Несипбекованы, бастауыш сынып мұғалімі П:Ж.Махатованы жәнеде бірлестік мұғалімдері Ұ.Ү.Асылова, Ә.М.Байдешова, Е.А.Бейсенбаев, Г.Ж.Тұрғынбаева, Ж.Б.Ауданбеков, А.Т.Қарасаев, Ж.Ж.Тұрсынбекті сертификаттармен марапаттады.

 

Прочитано 109 раз
Top