ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Университет қабырғасында  «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен «Ғылым және білім мәселелері: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция мақсаты –  қатысушылардың ғылыми әлеуеті мен байланыстарын дамытып, тәжірибе мен білім алмасу платформасын құру арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жандандырып, ынталандыру.

Басқосуға ғылыми- педагогикалық қызметкерлер, докторанттар, мектеп және балабақша мұғалімдері, магистранттар, студенттер және жас зерттеушілер қатысты.

Пленарлық отырыста қазіргі ғылым мен білімнің өзекті мәселелері талқыланды. Талқылау барысында мамандар пәнаралық зерттеулерді қалыптастырып, маңызды трендтік ақпаратпен алмасу құқығына ие болды. Сонымен қатар, жас ғалымдардың консилиумын реттеу мен өзара іс-қимылына, инновациялық ресурсты анықтауға және білім беру жүйесіндегі үрдістермен, перспективалармен, қазіргі ғылымдағы инновациялармен танысуға ықпал етті. Конференцияда келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді: филология ғылымдары, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдары, педагогикалық ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары. Жиын аясында пленарлық бөлім және секциялар жұмыс жасады.

Конференция жаңа идеяларды, әдістер мен технологияларды таратуға, ғылым және білім беру жобаларының сапасын арттыруға ықпал етті. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

гыл1111

гыл2222ъ

гыл333

гыл4444

 

Прочитано 22 раз
Top