Дулати университеті қабырғасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев білім алушыларға «Заманауи ұстаз: кәсіби даму мен мүмкіндіктер» тақырыбында дәріс жүргізді.
Басқосуға Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректор Ләззат Еркінбаева және оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Жиын барысында Руслан Тоқтарбекұлы білім саласындағы жаңашылдықтар мен педагогикалық дайындықтың маңыздылығын айтып, болашақ сала мамандарының білімін үнемі жетілдіріп отыру маңызды екенін тілге тиек етті. Педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру, ұлттық педагогиканың тарихы, білім беру бағдарламалардың маңыздылығын жете түсіндірді.Сонымен қатар, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісу арқылы ағартушылық ілім негізі туралы да тағылымды деректер жайлы сөз қозғады.
Жиын соңында Руслан Тоқтарбекұлы Дулати ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғысын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.