ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ

Университет қабырғасында «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ұйымдастыруымен «2025 жыл - жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Жамбыл облысы аппаратының жүйе әкімшісі Қайрат Құдайқұл, Жамбыл облысы әкімдігінің «Жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Нұрлан Сабденов, КММ-нің инспекторы Ұлжан Жетпісбаева, «125 Education» мектеп директоры Максат Сарыбаев, Мансап орталығының қызметкерлері Сымбат Әлметова мен Балжан Ористимова, Карьера және бизнес серіктестік орталығының басшысы Мира Ержанова және оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – студенттердің техникалық және кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттыру. Жас буынды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтармен таныстыру арқылы болашақта өз саласында кәсіби қызмет етуге ынталандыру.

Жиын барысында сала мамандары студенттерге өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын атап өтті. Олар техникалық мамандықтардың қоғам дамуы үшін аса қажетті екенін және қазіргі уақытта еңбек нарығында сұранысқа ие екенін жеткізді. Жастар практикасы және базалық ақпараттармен бөлісіп, Еңбек.kz сайт арқылы бос орындар вакансиясына өтініш беру жолдарын түсіндірді. Бітіруші түлектерге қойылатын талаптар мен Мемлекеттік грант есебінде оқыған студенттерге жаңа ережелердің талаптарын және оларға қойылатын шарттар жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар өздерінің ұжым құрамын жас буынмен толықтыра отырып, оларға жұмыс жасауда ыңғайлы орта мен табыс табу мүмкіндігін ұсынуға дайын екендіктерін айтты.

Кездесу соңында мамандар толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттермен еркін форматта пікір алмасты. Осындай кездесулер жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастарды осы салаларға тарту – еліміздің экономикасын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі.

жумыс1111

жумыс222

жумыс333

 

Прочитано 140 раз
Top