ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Университет қабырғасында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының аясында, Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай - дана, Абай - дара қазақта!» атты  әдеби-сазды кеш өтті.

Ұйымдастыру комитеті: Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы және «Мәдениет және өнер» кафедрасы.

2025 жыл – кітап оқу жылы болып жариялануына орай, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы ашылды. Жоба арқылы өңір жастарын кітап оқуға баулып, келешек ұрпақты тәрбиелеу процессіне үлес қосу – басты мақсат.

Кештің мақсаты – Абай шығармашылығының рухани-мәдени маңыздылығын жастарға танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Абай мұрасын кеңінен насихаттау арқылы жастардың қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, көркем сөздің терең мәнін ұғындырып, ұлттық өнер мен дәстүрді жаңғырту.

Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторының меңгерушісі Нұргүл Сапарғалиқызы сөз алып, тәуелсіз еліміздегі барлық дүниені Абайдың даналығымен байланыстыру керектігін тілге тиек етті. Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыра отырып, «Абайдың асыл мұрасы» атты кітап көрмесін назарға ұсынды.

Әдеби-сазды кеш Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдпен сүйемелденді. «Мәдениет және өнер» кафедрасының білімгерлері Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін, аудармаларын және поэма үзінділерін жатқа оқып, өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы» әндері (хор) орындалды. Көрермендерге Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылды. Кеште ұлы ақынның өнегелі өмірі, даналығы көрер­менге кеңінен таныстырылып, рухани асыл мұралары на­сихатталды.

Кеш соңында ұйымдастырушылар сөз алып, ақынның туындылары өскелең ұрпақты адалдыққа, ізгілікке жетелейтіні жайлы сөз қозғады. Өнер көрсеткен қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, университет басшылығының атынан «Алғыс хат» табыстады.

кеш1111

кеш222

кеш333

 

Прочитано 207 раз
Top