ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ӨТКІЗІЛУДЕ

Дулати университеті Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №33 «Айсауле» бөбекжай-бақшасымен жасалған мемарандум бойынша іс-шаралар жыл сайын өз кезегімен өткізіледі.

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мамандарын даярлау» білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлері педагогикалық практиканы №33 «Айсауле» бөбекжай-бақшасының базасында өтіп жатыр.

Карьера және бизнес серіктестік орталығының басшысы Мира Ержанова мен орталық маманы Дүржан Джанкараева, №33 «Айсауле» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Нұрзада Мамбетовамен кездесіп, балабақшаның материалдық базасымен танысып қайтты.

Сонымен қатар, 2022-2026 жылдар аралығында балабақша базазында бекітілген «Балабақша жағдайында тәрбиеленушілерге экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары» эксперимент жұмысының нәтижелерін көріп, өз бағасын берді. (ғылыми жетекші: «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Н.Б. Есенова).

Студенттері өздерінің тәжірибелік жұмыстарын көрсету арқылы балабақшада балалармен жұмыс жасап, түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып,эксперименттік жұмыстарын көрсетті.

Студенттердің тәжірибелік жұмыстары олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, нақты жағдайда жұмыс істеуге дайындайды. Мұндай шаралар кәсіби дамуға үлкен ықпал етіп, болашақ педагогтар мен мамандардың тәжірибесін нығайтуға көмектеседі.

 

Прочитано 97 раз
Top