ЖАС САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша, жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде сайлау органдарының кәсіби мерекесі атап өтіледі. Осыған орай, университет қабырғасында Жамбыл облыстық сайлау комиссияның ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған жастармен кездесу өтті.

Сайлау – халықтық егемендікті іске асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдіру нәтижесінде, мемлекеттік механизмінің жұмыс істеуінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі құралы.

Бас қосуға ЖО АСК төреғасы Серғали Айдапкелов, сайлау комиссияларының мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен сайлау құқығына ие өңір жастары қатысты.

Жиынның мақсаты – тәуелсіз еліміздің сайлау жүйесі жайлы жиналған жұртты ақпараттандыру арқылы сайлаушылардың белсенділігін арттырып, жастар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.

Кездесуде Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы құттықтау сөз алып, жылы лебізін жеткізді. Сайлау – жай ғана дауыс беру рәсімі емес, бұл азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін тілге тиек етті. Жастар - еліміздің болашағын қалыптастырудағы басты күш, ал сайлауға қатысу - Қазақстанның болашағына қосылған үлес екенін баса айтты.

Жиын барысында мамандар сайлаудың мәні, қалыптасу тарихы, негізгі қағидаттары, сайлаушылар ретінде жас буынның қандай құқықтары бар екендігі жайлы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, сайлау заңнамасының ерекшеліктері және азаматтық қоғамның сайлауды бақылаудағы маңызы туралы сөз қозғады.

Кездесу соңында қатысушылар сайлау жүйесін жетілдіру, дамытуға қатысты ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты. Өз кезегінде жастар көкейлеріндегі сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, алдағы саяси науқандарға белсене ат салысатындарын айтты.

сайлаушы1111

сайлаушы2222

сайлаушы3333

сайлаушы4444

сайлаушы5555

сайлаушы6666

 

                                                                                                      

Прочитано 26 раз
Top