Дулати университетінің қабырғасында технологиялық факультетінің «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасы және корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен кәсіпорын басшылықтары және қызметкерлерімен «Өндіріске алғашқы қадамым!» атты кездесуі өтті.
Кездесуге профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер және "Транстелеком" АҚ-ның "Жамбылтранстелеком" Тараз қаласындағы филиалының басқарушы директоры- Жандос Ержанович; «KEGOC» АҚ Жамбыл аумақтық электр желілерінің жетекші-инженері- Алимжан Бауржанович; «Жамбыл электр желілері» ЖШС, Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қызметінің бастығы- Талғат Мұханұлы; «Қазақтелеком» АҚ-ның техникалық инспекция қызметінің техникалық бақылаушысы- Қанат Темирболатович; «ТАТЭМ» ЖШС директоры - Еркебулан Талғатұлы; «Қазақтелеком» АҚ-ның жетекші инженері-Бауыржан Қуаныевич қатысты.
Кездесу мақсаты - бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, түлектердің жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайту.
Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев сөз алып, автоматтандыру, басқару жүйлелері, бағдарламалық жасақ және дағдылары туралы айтып берді.
Жиын барысында қонақтар жастарға кәсіпкерліктің заңдылықтары ерекшеліктері туралы айтып, болашақта әр азаматтың табысты кәсіпкер болуына жол көрсетті. Сонымен қатар, спикерлер өз істерінің негізгі кезеңдері туралы мәселелерді қозғады, бизнес туралы кең тараған қателіктер мен қиындықтар туралы айтып берді.
Кездесу соңында қызметкерлер мен студенттер еркін форматта пікір алмасты. Университет басшылығынан белсенді кәсіпкерлер мен студенттерді алғыс хатпен марапаттады.