Дулати университеті қабырғасында Солтүстік Қазақстан облысының Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері түлектермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында орталықтың өкілдері Тайыншы ауданы, Қызылжар ауданы және Жамбыл ауданына түлектерді жұмысқа шақырды. Жұмысқа орналасу тәртібін, берілетін субсидиялар мен тұрғын үй алуға берілетін жеңілдіктер туралы жете түсіндірді.
Сонымен қатар, көшіп бара жатқандарға қоныс аудару үшін субсидиялар берілетінін сөз етті. Отбасының басшысы мен әрбір мүшесі үшін 70 АЕК (ағымдағы бағам бойынша шамамен 570 доллар) мөлшерінде; отбасы мүшелерінің санына және елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейін (122-ден 245 долларға дейін) 12 айға жалға алу және коммуналдық төлемдер үшін ай сайынғы субсидиялар; қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама беру; жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдемдесу болатынын мәлімдеді.
Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алып,қызығушылық танытты.