ҚР цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Байжұманов оқу ордамыздың Цифрлық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Жиынды Мұхтар Қазбекұлы құттықтау сөзбен ашып, цифрландыру саласындағы бірқатар мамандарды ерекше атап өтті. Қызметкерлердің цифрлық трансформация мен инновациялық технологияларды дамыту арқылы маңызды рөл атқаратынын жеткізіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты басқосуда «Жамбыл облысы әкімдігінің Цифрландыру және архивтер» басқармасының «Алғыс хатымен» Сейнеп Назаралиева, Адильбек Құдайбергенұлы, Дина Мұратқызы, Марина Балабаевна, Әлия Еркінқызы марапатталды.
Марапат иелерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!