ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Университет қабырғасында «Экономика және құқық» факультеті «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты.Аурудың алдын алудың маңызы» тақырыбында денсаулық сақтау қызметкерлерімен танымдық кездесу өтті.

Іс- шараның модераторы ретінде : «Экономика және құқық» факультетінің, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Индира Айнабекова болды.

Кездесуге «Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшының орынбасары Жанна Смайлова, бас маманы Улдана Сыздыкова, жетекші маманы Гульнар Егембердиева, «Садыхан» Медициналық орталықтың Жоғары санатты дәрігері Дилноза Абдувалиева, Дулати университетінің медбикесі Лаура Тлеукулова,  «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – білім алушылардың денсаулығын сақтау және адам ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін қалпына келтіру, білім алушылардың денсаулық мәдениеті мен қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру.

Кездесуде Жанна Смайлова сөз алып, салауатты өмiр салты - аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту мақсатында жеке адамның өмiр салты екенін тілге тиек етті. Медицинадағы жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен қатар, мамандардың біліктілігі мен тәжірибелері жөнінде атап өтті. 

Кездесу барысында медицина қызметкерлері мен студенттер бірқатар маңызды баяндамалар жасап, тың ақпараттармен қамтыды. Сонымен қатар, кәсіби мамандар қатерлі аурулардың шығу себептері жайлы сөз қозғап, медициналық көмек, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар жайлы тәжірибелерімен бөлісті.

Мамандармен кәсіби қарым-қатынас жасау барысында жастар тәжірибе мен озық идеялар алмасу үшін мүмкіндіктеріне ие болды. Студенттер қызықтырған сауалдарына жауап алып, жағымды эмоцияларымен бөлісті.

Медицина қызметкерлері Дулати ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

сос1111

сос2222

сос3333

 

Прочитано 135 раз
Top