QS САММИТІ: QS STARS РЕЙТИНГІ БАР УНИВЕРСИТЕТТЕРДІ МАРАПАТТАУ

QS World University Rankings өз әдістемесіне жұмысқа орналасу және тұрақтылық факторларын қосатын бірегей рейтинг болып табылады.

QS World University Rankings жоғары білім саласына, үкімет пен білімгерлерге әлемнің жетекші университеттердің бірқатар тиімділік көрсеткіштері бойынша ранжирлеуді анықтайтын сенімді рейтинг жүйесін ұсынады.QS биылғы жылы әлемдегі 106 ел мен аумақтардан 1500 университетті қамтитын ең ірі рейтинг болып табылады.

Макаода 2024 жылғы 5-7 қараша аралығында QS World University Rankings бойынша 20 жылдыққа орай «QS Higher Education Summit: Asia Pacific» саммиті өтті.

Саммитке 2000-нан астам қатысушы – жоғары білім саласының ең ықпалды өкілдері, бизнесмендер, жоғары білім саласындағы саясатпен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағының ЖОО ректорлары мен өкілдері,ғалымдар қатысты.

Самиттің бірінші күні әлем университеттері арасында QS Stars рейтингі бойынша марапаттау рәсімі өтті. QS World University Rankings агенттігі университеттердегі оқыту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тұрақты даму, зерттеу және жұмысқа орналастыру сияқты негізгі салаларды мұқият бағалайды.

Бұл рейтингтің мақсаты- болашақ білімгерлерге зерттеу мен жұмысқа орналасу нәтижелерінен бастап, әлеуметтік жауапкершілік пен инклюзивтілікке дейінгі барлық университеттердің жақсы қырлары жайлы толық түсінік алуға көмектесу болып табылады.

QS Stars «үш жұлдыз» марапаттау бағдарламасы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз университетіне сертификат тапсыру рәсіміне Дулати университетінің Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова қатысты.

уш жулдыз 1111

уш жулдыз2222

уш жулдыз3333

уш жулдыз4444

 

Прочитано 125 раз
Top