ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА БАҒДАРЛАМАСЫ – 2025

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және қызметтегі ғылыми қызметкерлерге әлемнің жетекші зертханаларында жазғы ғылыми тағылымдамадан өту үшін 10 грант ұсыну байқауын жариялайды.

ЕГЕР СЕН:

  • - Қазақстан Республикасының азаматы болсаң;
  • - Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
  • - Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
  • - Шетелдің жетекші университеттеріне PhD бағдарламасына түсуді армандасаң;
  • - Қазақстанда жұмыс істеуді және ғылымды дамытуды қаласаң.

Онда ГРАНТ ҰТЫП АЛЫП, 2025 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА МҮМКІНДІГІҢ БАР!

Ол үшін 2024 жылдың 7 қазаны мен 12 қарашасы аралығында қордың сайтында https://yessenovfoundation.org/ru/ өтінім толтырып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Міндетті құжаттар:

  • Жеке куәліктің скан көшірмесі;
  • «Мен жүзеге асырғым келетін зерттеу» тақырыбына эссе. Эссе мына сұрақтарға жауаптарды қамтуы тиіс:
  • қандай зерттеу тәжірибеңіз бар?
  • жүзеге асырғыңыз келетін зерттеуді қалай елестетесіз және оның жүзеге асуы үшін не істеуге болады?
  • Оқу семестрлерінің бағалары көрсетілген транскрипт;
  • Бакалавриат дипломы, бағаларымен (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан алынған диплом (1 құжаттан артық емес);
  • Түйіндеме.

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар (3 құжаттан артық емес);
  • Әлеуметтік белсенділік пен еріктілік жұмысқа арналған сертификаттар (2 құжаттан артық емес);
  • Жарияланымдар (2 құжаттан артық емес);
  • Ғылыми жетекшіден, проректордан немесе университет ректорынан ұсыныс хат (1 құжаттан артық емес).

Бағдарлама әлемнің жетекші ғылыми зертханаларында тағылымдамадан өту үшін ұзақтығы 90 күнге дейінгі 10 грант ұсынады.

МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРІП АЛМА!

Прочитано 296 раз
Top