УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дулати университеті қабырғасында жылдық жоспарлау мен оның орындалу көрсеткіштеріне арналған KPI карталарының электронды ақпараттық порталы туралы барлық құрылымдық бөлімдердің жауапты қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Стратегиялық даму басқармасының басшысы Ж.Дарибаев Дулати университетінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің тиімділік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау шарттарын түсіндіріп өтті.

Семинар барысында қатысушыларға әкімшілік-басқару персоналдары қызметінің негізгі көрсеткіштерін (индикаторларын) есептеу ережесін және есептеу әдістемесі таныстырылды. Календарлық жыл соңында әкімшілік-басқару персоналдары нақты мәндері бар KPI карталарын электронды порталға толтырады. Ақпараттар арқылы әр құрылым басшылары тарапынан Аккредитация және рейтинг, сапаны қамтамасыз ету бөлімі қадағаланып, электронды портал арқылы тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Д.Төлегенова http://bpms.dulaty.kz/admin/page/profile-page порталының қалай іске қосылуы мен жұмыс жасалу тәртібі туралы түсіндірді.

Семинар соңында қызметкерлер сауалдарына Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру бөлімінің қызметкерлері тиісті жауаптар берді.

кипиай1111

кипиай222

кипиай3333

кипиай4444

 

Прочитано 263 раз
Top