ЖАС ОТБАСЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, әр отбасының маңыздылығын атап өту арқылы жанұя мәртебесін ұлықтау мақсатында «Отбасы – жылулық мекені» атты байқау өтті. Шараны «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ұйымдастырды.

Байқауда облыс мәслихат депутаты, 7 баланың анасы Айман Әшімова, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, ақын, журналист, аурдармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Күләш Ахметова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. профессор Рыстайқызы Тұрсынай, «Аманат» партиясы, қоғамдық қабылдау бөлім меңгерушісі, 5 баланың анасы Үміт Ибрагимова және педагогика ғылымдарының магистрі Камила Рысбекқызы төрелік етті.

Ең алдымен қатысушылар «Менің отбасым» атты таныстыру кезеңінен өтіп, «Отбасылық өнер» кезеңінде Мушеновтар әулеті «Үздіксіз күткенім» әнімен әуелесе, Қанатбековтар әулеті «Ұстаздарым» әнімен оқытушылар құрамы мен болашақ ұстаздарды қуантып қойды. Серкебаевтар әулеті «Үнді», Бүркітбаевтар әулеті «Өзбек» билерін мың бұрала паш етіп, Қайбылдаевтар әулеті көрініс арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ал, Көбжасаровтар әулеті «Ризамын саған» әнін орындады. «Отбасылық жағдаят» кезеңінде отбасылық мәселелерге байланысты ситуациялық тапсырмалар беріліп, жас отбасылар өз пікірлерін ортаға салды. «Отбасылық тағам» кезеңінде жас аруларымыз әділ қазы алқаларына әр елдің ұлттық тағамдарын ұсынды.

Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Отбасы – жылулық мекені» атты байқауда 6 әулет бақ сынап, «Үлгілі отбасы» номинациясын Мушеновтар әулеті иеленсе, «Көрермен көзайымы» ретінде Қайбылдаевтар әулеті марапатталды. 3-ші орын дәрежелі дипломмен Көбжасаровтар әулеті марапатталса, 2-ші орын дәрежелі дипломына Серкебаевтар әулеті қол жеткізді. 1-ші орын дипломын Бүркітбаевтар әулеті тізгіндесе, Қанатбековтар әулеті өз кезегінде «Бас жүлде» иегері атанды.

Әділ қазы алқалары қатысушыларға жылы лебіздерін арнап, сый-сыяпатпен құрметтеді. Дулати үздік активисті Зере Азатова «Бас жүлде» иегеріне университетіміздің брендтік бұйымдарын тарту етті.

Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше екенін атап өткіміз келеді. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

жарыс 0810 111

жарыс0810 222

жарыс0810 333

 

Прочитано 303 раз
Top