ОҚЫТУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дулати университетінде Ғылым және коммерцияландыру департаментінің Ғылыми зерттеу қызметі, Коммерцияландыру бөлімдері, Жобаларды басқару және цифрландыру орталығының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстары «Экономика және құқық»,«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар», Жаратылыстану ғылымдары, Технологиялық факультеттерінің оқытушыларына арналды. Құрылымдық бөлімдер өз салалары бойынша конкурстық құжаттамаға қатысты семинар өткізіп,баяндамалар жасады.  

Семинар барысында Ғылыми зерттеу қызметі бөлімінің басшысы Мәртебе Жанқуанышев сөз алып, ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру және «Жас ғалым» конкурсының талаптарымен, конкурстық құжаттаманың негізгі бөлімдерімен таныстырды. Сонымен қатар, конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру барысында перспективалы жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа құжаттар рәсімдеу 2024 жылғы 09 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 09 қазанға дейін жалғасатынын тілге тиек етті.Жобалар аясында технологиялық және экономикалық жоспарлардың маңызды екенін айтты. Алдағы уақытта, кесте бойынша өткізілетін Ғылым қорының ZOOM қосымшасы арқылы ұйымдастырып жатқан түсіндірме консультацияларына қатысуларына кеңес беріп,тәжірибесімен бөлісті.

Жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Дина Төлегенова университеттің  ІТ инфрақұрылымы және цифрлық сервистерінің қазіргі жағдайы мен осы жылы атқарылатын іс-шаралар жүйесімен таныстырып, жасанды интеллект бағытында ашылғалы отырған бөлімнің алдағы мақсаты мен міндеттері туралы кеңірек айтты.  

Кездесу соңында  университеттің профессор-оқытушылар құрамы көкейінде жүрген сауалдарын қойып,пікірлерімен бөлісті.

мугалым тусындыру1111

мугалым тусындыру2222

мугалым тусындырме3333

мугалым тусындыме4444

 

Прочитано 317 раз
Top