«АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ЛЕКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, Дулати университетінде «Адалдық сағаты» аясында университет өкілдерімен бірге заң қызметкерлері студенттерге лекция өтті.

Лекция барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері мен орын алған құқық бұзушылықтар үшін заңнамаларда көзделген жауапкершілік түрлері туралы айтылып, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдардың жобасы таныстырылды.

Лекция бастамасын басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы бастап, кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын айтты.

«Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары көмектеседі.» - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров.

Кездесу соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаевқа университет басшылығынан алғыс хаттар беріліп, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді.

сыбаслас1111

сыбаслас2222ъ

сыбаслас3333

сыбаслайс4444

 

Прочитано 276 раз
Top