ХАБАРЛАНДЫРУ!!!!

Құрметті оқытушылар, 2024 жылғы 10 қыркүйекте «Оқытушы-зерттеуші» конкурсы өткізілетінін хабарлаймыз!

Конкурсқа қатысу үшін а.ж. 6 қыркүйегіне дейін Ғылыми-зерттеу қызметі бөліміне Ережеде баяндалған талаптарға сәйкес келетін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

  • a) өтініш берушінің өтініші;
  • b) мінездеме-ғылыми зерттеу тақырыбы көрсетілген кафедра/ғылыми зертхана меңгерушісінен ізденушіге ұсыныс;
  • c) институттың/факультеттің ғылыми кеңесінің «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ-да Тегі, Аты, Әкесінің аты толық атаулы жағдайда, жұмыс өтілі көрсетілген конкурсқа қатысу үшін ізденушіні ұсыну туралы шешімінен үзінді;
  • d) өтініш берушінің жеке басын растайтын паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;
  • e) ғылыми хатшы куәландырған ғылыми еңбектер тізімі;
  • f) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің авторы немесе тең авторы екенін растайтын қазақстандық және шетелдік патенттердің көшірмелері;
  • g) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ұйымдардың тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауда ізденушінің басшылығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • h) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің қазақстандық және шетелдік ғылыми және ғылыми-техникалық конкурстық іс-шараларда (өз бетінше немесе ғалымдар ұжымдарының құрамында), оның ішінде гранттар мен субсидиялар алуға жүлдегер немесе жеңімпаз болып табылатынын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • i) Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы мен бағдарламасы (ГҚ конкурстық құжаттама өтінімінің талаптарына сәйкес).
Прочитано 474 раз
Top