ОБЛЫС ӘКІМІ РХТУ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Облыс әкімдігінің ғимаратында облыс әкімінің төрағалығымен  Д.И.Менделеев атындағы университеттің өңірден ашылуы бойынша кеңес өтті. Кеңесте облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, Д.И.Менделеев университетінің ректоры Илья Воротынцев, Д.И.Менделеев университетінің өңірдегі филиалының директоры Ирина Фарафонтова, ректорының аппарат басшысы Вера Леонова, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ ректоры Мұхтар Байжұманов, проректоры Ләззат Еркінбаева, «Химия және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Маржан Қалмаханова, «Казфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары Ерсін Сариев, «Казфосфат» ЖШС персоналды басқару департаментінің директоры Қайрат Болатов қатысты.

Менделеев университетінің ректоры Илья Воротынцев:

- Түлектер бірден екі елдің дипломдарын алады. Пәндер бойынша оқу нәтижелері есептеледі және бірлескен қорытынды аттестаттау жүргізіледі. Ресейлік білім беру жүйесі диплом алғаннан кейін түлектерді инженер-химиктер, зертханашылар, химик-технологтар, биотехнологтар, инженер-зерттеушілер ұйымдастыра алатындығын қарастырады. Сондай-ақ, түлектер болашақта ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда жұмыс істей алады, оқытушылық қызметпен айналыса алатындарын жеткізді.

обл аким11111

обл аким2222

 

 

Прочитано 429 раз
Top