ЖАҢА ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің 2024 жылғы 16 шілдедегі №40-жқ бұйырығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректоры болып заң ғылымының докторы, доцент, профессор Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева тағайындалды. 

Жаңа проректорды университет ұжымына Басқарма төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ләззат Еркінбаева 1989 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын азаматтық құқық кафедрасының лаборанты болып бастаған Ляззат Қалымбекқызы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры дәрежесіне дейін көтерілді. Жазған ғылыми еңбектерінің  жалпы саны –130, оның ішінде 19 оқу құралы және 15 монография.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ табиғат ресурстық және экологиялық құқық кафедрасы мен  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасын басқарған.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық ғылыми жобаларына қатысу және басшылық ету тәжірибесі бар. ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бірқатар жобаларын әзірлеуші және БҰҰДБ, ЕҚЫҰ сарапшысы болған. 2023 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы жаңадан құрылған Конституциялық сотының сарапшысы болып сайланды.

2009 және 2010 жылдары Қазақстанның құқықтық ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР БҒМ «ҚР ғылымына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

проректор1111

проректор2222

 

 

Прочитано 699 раз
Top