ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып шықты.

Сонымен қатар, университетте химик - технолог мамандарды даярлайтын Менделеев университеті филиалының жұмысын көрді.

Мемлекеттік грант конкурсына құжат қабылдау басталғаннан қабылдау комиссиясы штаттық режимде жұмыс жасауда. Нәтижесінде, күніне мыңнан аса талапкерлердің құжаттары қабылданып жатыр.

Университет қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері талапкерлерді қабылдап әрі көмек көрсетіп, «Серпін» бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындарына да құжаттар қабылдап жатыр.

пом минис1111

 

Прочитано 491 раз
Top