ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ НҰРГҮЛ ТАУ КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты – әлеуметтік – мәдени даму комитетінің Хатшысы Нұргүл Тау Жамбыл облысына іссапармен келді.

Байзақ ауданынан басталған іссапары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің №1 жатақханасының жағдайымен танысу арқылы жалғасты. Депутат жатақханада жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын басты назарға алып, қарап шықты.

Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. «Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес» деген ұстанымды ұстайтын Мәжіліс депутаты жатақханадағы кейбір кемшіліктерді де атап өтіп, ағымдағы келесі оқу жылына дейін білімгерлерге жайлы заманауи жатақхананы қалыптастыруды университет басшылығына ұсынды. Сонымен қатар жатақхана қауіпсіздігінің де маңыздылығын атап көрсетіп, дабыл түймесін басқанда, арнайы күзет қызметінің белгіленген жеті минутта келуін жоғары бағалап, көңілі толатындығын тілге тиек етті. Бұл студенттердің қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов: – биылғы жылы университет жатақханаларында студенттер үшін оңтайлы, жаңа жиһаз бен төсек орындары жаңартылып және тиісті деңгейде жөндеу жұмыстарын жүргізетіндігін айтты. Білімгердің жақсы білім алуы үшін алдымен соған сәйкес жағдай жасалу керек екенін жеткізді.

Сонымен қатар, университеттің қабылдау комиссиясының жұмыстарымен де танысып шықты. Инклюзивті білім беруге қатысты сұрақтарына да жауап алды. Нұргүл Тау барлық жатақхана мен университет мәселесіне келгенде тікелей өзіне жазып, сол мәселелер бойынша көмегін аянып қалмайтынына алғысымызды жеткіземіз.

депутат1111

депутат3333

 

 

Прочитано 435 раз
Top