ХАБАРЛАНДЫРУ!!!!

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚКОМПАНИЯЛАР ТОБЫНДА ЖАС МАМАНДАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНАН (АҚЫСЫ ТӨЛЕНЕТІН ТӘЖІРИБЕДЕН) ӨТКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ PR бөлімі жоба аясында университетті енді аяқтап, дипломын алғалы жатқан жас мамандарротация шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да ақысы төленетін тәжірибеден өте алады. Бағдарлама аясындағы барлық жол шығыны мен тұру ақысын компания төлейді.

Сондай-ақ ЖОО түлектері Izbasar бағдарламасынан сәтті өткен жағдайда жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Өтінімдерді беру мерзімі – 2024 жылғы 4 шілдеге дейін (Астана уақыты бойынша 23:59-ге дейін).

Біздің биылғы (2023-2024) оқу жылының түлектері жас мамандарды дамытуға арналған бағдарлама аясында табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияда АҚЫСЫ ТӨЛЕНЕТІН тәжірибеден өте алады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жас мамандарды дамытуға арналған жыл сайынғы Izbasar бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Жоба аясында ЖОО түлектері ротация шеңберінде ақысы төленетін тәжірибеден өтіп, бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Барлық жол шығыны мен тұру ақысын компания төлейді.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы
  2. Географиялық мобильдікке дайын
  3. ЖОО түлегі

Басым бағыттағы мамандықтар:Экономика және қаржы; Уран өндіру және өңдеу; Геологиялық барлау; ЯОЦ; Ғылыми қызмет; IT және киберқауіпсіздік; Экология және қоршаған ортаны қорғау (HSE); HR, маркетинг.

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру туралы және өзге де мәліметтерді жобаның ресми сайтынан https://izbasar.kazatomprom.kz/ru  және @Kazatomprom Instagram парақшасынан біле аласыз.

Өтінім 2024 жылғы 4 шілдеге дейін (Астана уақыты бойынша сағат 23:59-ға дейін)қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін Murager бағдарламасының байланыс үйлестірушісіне хабарласа аласыз. Әйгерім Мұздыбаева - 8705 298 78 42

Прочитано 625 раз
Top