Дулати университеті қабырғасында Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрінің кеңесшісі әрі жоба жетекшісі Фархад Қуанғановпен «Жаңа су шаруашылығы университетінің презентациясы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорының орындаушы дирекциясының бас маманы А.К. Кеншимова, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің бас директоры Н.Н.Балғабаев, ардагер устаз-гидротехник Г.М.Зарубаев және «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Су ресурстары» және «Мелиорация және агрономия» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Кездесу барысында жоба жетекшісі Фархад Қуанғанов жаңа университеттің жандандыру жобасын ұсынып, оқытушылардың ой-пікірлері талқыланды.
Университетті дамытуға бағытталған кездесуде қатысушылар алға қойған мақсат-міндеттер жүзеге асатынына сенім білдірді.