РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие болады», деп  еңбектің маңыздылығын баса айтты.

Осы ретте, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларын қолдау және жолдаудағы Тәуелсіздік идеяларын жүзеге асыру мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Алтын жұлдызы», «Әділетті Қазақстанның Адал азаматы», «Мәдениет саласының мәртебелі маманы» атты патриоттық байқау өтті.

Байқау қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мұхамеджан Сексенбай «Әділетті Қазақстанның Адал азаматы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы Юлдашбай Дарибаев «Қазақстан Республикасының Алтын жұлдызы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Жүлдегерлерге арнайы сертификаттар мен төсбелгілер табысталды.

мухамеджан1111

 

Прочитано 460 раз
Top