БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ

2024 жылдың 4 наурызы мен 29 мамыр аралығында Дулати университетінің проректорларына, декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлім басшыларына арналған «Университеттің стратегиялық менеджменті. Университет стратегиясын жүзеге асыру үшін жедел басқару» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Сессияға университеттің 132-ден астам қызметкері қатысты.

Нәтижесінде университетті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және жедел басқаруды жетілдіру мақсатында кафедра мен құрылымдық бөлімшелерді дамытудың кешенді бағдарламасының жобалары қалыптастырылды.

Жұмыс бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды:

✔Стратегиялық өзгерістерді түсінуді жақсарту және операциялық тиімділікті арттыру.

✔ М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің КЕАҚ 2023-2029 жж арналған Даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды дамыту.

✔ Операциялық басқаруды оңтайландыру үшін құралдарды қолдану.

✔ Әрбір қатысушы алған білімін тәжірибеде қолдану бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды.

Оқыту барысында кешенді курс материалын меңгергендігін анықтау мақсатында тестілеу жүргізіліп, қатысушылар алған білімін іс жүзінде қолдану үшін жобалық топтарда жұмыс жасады. Нәтижелері бойынша топ 2024 жылдың 28-29 мамырында «Agile project» жобаларын қорғады.

оку1111

оку2222

оку33333

оку444444

 

Прочитано 427 раз
Top