«ЖАС ҚЫРАН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ШАРА

Совет одағының батыры, Халық қаһарманы, ҚР Қарушы күштерінің бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай, Әскери кафедраның ұйымдастыруымен «Жас қыран-2024» атты әскери-патриоттық шара өтті.

Шараға Жуалы, Байзақ, Жамбыл аудандарының орта мектеп оқушылары мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері, Дулати университеті әскери кафедрасының студенттері мен оқытушылар құрамы және 14157 әскери бөлімі «Оқу орталығы» мен 85395 әскери бөлімінің мамандары қатысты.

Шараның өтуіне тікелей қолдау көрсеткен: 85395 әскери бөлімі «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысы– генерал- майор– Қуаныш Үштаев, Б.Момышұлы атындағы 85395 әскери бөлім командирі– подполковник Жәнібек Құранбеков, 14157 әскери бөлім командирі полковник Шоқан Мұсабеков, Жамбыл облысы Білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, Шоқан Уалиханов атындағы облыстық кітапханасының директоры Эльмира Абдинова.

Шараның мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, қандас, қарулас азаматтарды еске алу. Батырлардың қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беріп, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу.

Халқымызда ұлтымыздың бағы үшін туған азаматтар аз емес. Сағадат Нұрмағамбетовті сол қатарға жатқызуға болады. Оның еліміздің болашағы, қауіпсіздігі үшін атқарған еңбегі орасан. 

Шараны Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек құттықтау сөзбен ашып, Сағадат Нұрмағамбетовтың ерлікке толы өмірі жастарға үлгі екенін, ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған шара өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің бір құралы екенін баса айтты.

Шара аясында Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» атты көптомдық кітаптарының көрмесі өтті. Сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерлігінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдеби әдебиеттерге «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев», «Мой передний край», «Ұлт батырлары», «Ұшқан ұя», «Айтылмаған ақиқат» ,«Майдан жыры мен сыры» т.б. кітаптарға кең көлемді шолу жасалды. Сонымен қатар, қатысушыларға Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов пен Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаевтың соғыс жылдарындағы ерліктерінен кеңінен ақпараттар берілді.Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының соғыс жылдары белінен тастамай асынып жүрген қылышын көзінің қарашығындай сақтаған марқұм Жақсылық Сәтібековтың өмірлік жары Азиза апаға көрмеге жиналған барша қауым өз алғыстарын білдірді.

Шара барысында білімгерлерге арнайы практикалық-әскери техникалар көрмесі, қару-жарақ көрмесі, дрондар мен «Skylark» БПЛА аппаратының көрмесі, «Далалық асхана» мен солдат казармасына экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында:

– Бронды тасымалдағыш (БТР)
– Автоматты станокты гранат лақтырғыш (АГС-17)
– Калашниковтың жетілдірілген пулеметі (ПКМ)
– Танкке қарсы қол гранат лақтырғыш (РПГ-7В)
– Другуновтың мергендік винтовкасы (СВД)
– Калашников автоматы (АК-74)
– Станокты танкке қарсы гранат атқыш (СПГ)
– Макаров тапаншасы (ПМ)
– Миналар,мина атқыштар
– Д-30,Урал ВМ-21 аппараттары жайлы мамандар толық түсіндіріп кетті.

Мамандар жас буынға техника мен қару-жарақтың, арнайы қорғаныс және байланыс құралдарының үлгілерін ұсынды, олардың мақсаты мен сипаттамаларын жете түсіндіріп берді. Оқушылар мен студенттер заманауи қазақстандық жауынгердің қаруларын көріп қана қоймай, қолдарына ұстап, ерекше сезімге бөленді. Әскери бөлімді аралау барысында болашақ Отан қорғаушыларға сарбаздардың тұрмысымен танысуға, олармен әңгімелесіп, әскери қызметшілердің өмірі туралы көптеген қызықты ақпараттар алуға мүмкіндіктері болды.Сондай-ақ, арнайы дайындалған «Далалық асханада» болып, онда сарбаздар тағамынан дәм татты. Казармаларды аралап, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігімен танысып шықты.

Шара ұйымдастырушысы, Әскери кафедраның аға оқытушы, отставкадағы майор Құрманбек Оңалбеков барша келген қонақтарға өз алғысын білдіріп, аталған шара еліміздегі жас сарбаздардың, азаматтардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, елдің қорғауы жайындағы мақсаттардың орындалуына үлкен ықпалын тигізетінін тілге тиек етті. Жас буынның осы бастан өз Отанын қастерлеп, құрметтеуге жетелейтін,  өнегелі тәлім-тәрбие беретін, еліміздің болашағы жолындағы іс-шараларды ұйымдастыру басты мақсаттарының бірі екенін жеткізді. Өз кезегінде әскери бөлімде өткізілген күн алдағы уақытта талапкерлердің болашақ мамандығын анықтауға көмектеседі деген үмітін білдірді.

Отанды риясыз сүю – әр азамат үшін қастерлі парыз. Бұл ретте жас буынның бойында Отансүйшітік пен патриоттық сезім қалыптастыру аса маңызды. Сарбаздардың Отан алдындағы борышы мен жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруы білімгерлердің көңіліне ерекше әсер еткені сөзсіз. Шара соңында білімгерлер әскери бөлім басшылығына және шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

вон каф новыф агай

аскери30522222

аскери3053333

аскери3054444

аскери305555555

 

 

Прочитано 702 раз
Top