Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Руслан Шариповпен 3-4 курс студенттері мен магистанттары кездесті.

Руслан Шарипов бакалавриат және магистратура түлектеріне мемлекеттік қызметке тұру тәртібін және конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде уәкілетті орган берілген мәннен төмен емес (GPA 3,33) нәтижемен оқуын бітірген студенттер, бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі басшылық емес лауазымдарға конкурс өткізілместен орналаса алатынын жеткізді.

департамент111

департамент222

департамент3333

 

 

 

Прочитано 456 раз
Top