«Кәсіби іс-әрекеттегі зерттеу және тәжірибе» курсы

«Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының» ұйымдастыруымен «Кәсіби іс-әрекеттегі зерттеу және тәжірибе» атты 72-сағат көлеміндегі төлемақысыз курс өтті.Аталған курс педагог кадрлар мен магистранттардың  кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында оффлайн және онлайн аралас форматта өтті.

Курс барысында психология магистрі, аға оқытушы А.М.Мамбетова болашақ мамандардың кәсіби имиджі мен тұлғалық бағыттылығын қалыптастыру тәсілдерімен қатар альтруизм мәселесін көтерді. Сонымен қатар, кэтколлинг және харассмент, буллинг, кибербуллинг - әлеуметтік желідегі қауіпті факторлармен күресу жолдарын, кәсіби қызметтегі ғылыми зерттеулердің негізгі аспектілері мен дәлелдемелерді, аппробация жасау мәселелері жайлы кеңінен түсіндірді.

Профессор м.а. К.Б. Сматова тұлғаның қоршаған орта жағдайларын сәтті жеңе білу қабілеті мен мамандардың ассертивтілігін дамытудың түрлі факторларын, кәсіби іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін, психологиялық-педагогикалық қолдаудың кепілдігін талдауда педагогтардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді. 

Аға оқытушылар - П.Ж.Абдикеримова мен П.С.Алиева кәсіби қызметтегі лидерлік сапаларды басқару жолдары туралы теория мен тәжірибені жүзеге асыру мақсатында, brainstorming техникалары, пікірталас, тренинг, case method, кросс-дискуссия, презентация, classroom желісінде тапсырмалар орындау және т.б әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануына ықпал ететін  заманауи тәсілдер қарастырылған.

Сондай-ақ,кітапханалық-ақпараттық орталығы директорының орынбасары Н.В.Рыбалкина және деректер қорын үйлестіру және кітапханалық процестерді автоматтандырудың бөлім басшысы А.Т.Касымовамен бірлесіп, заманауи оқу және ғылыми қызметте электронды ресурстар мен метрика құралдарын пайдалану бойынша мастер класс өткізді.

Ғылыми зерттеу бөлімінің инженері Е.И.Атенов наноинженерлік зерттеу әдістерін яғни, Scopus, Web of Science дәйексөздер базаларына енген ғылыми басылымдарға мақала дайындау және Комитет (КОКСНВО) тізіміне енген басылымдарда мақала жариялау тәртібі жайында тың ақпараттармен бөлісті.Сонымен қатар,ғылыми зерттеу іс-әрекеті бөлімінің мамандары Е.А. Еркинов пен Қ.І. Ілесбай ғылыми жобаларды қаржыландыру конкурстарына қатысу, патенттер, авторлық куәліктер, әлемдік және отандық стартап жобаларының қалыптасуы туралы айтып берді.

курс 72 сагат111

курс 72 сагат222

курс 72 сагат333

 

 

 

Прочитано 499 раз
Top