Жастар және еңбек нарығы

Карьера және бизнес серіктестік орталығы мен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек мобильдігі» орталығымен бірлесіп «Жастар және еңбек нарығы» тақырыбында конференция өткізді.

Кездесу мақсаты – кадрларды даярлау сапасын арттыру және бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз етіп, жұмыс алды тәжірибе жинауға жәрдемдесу. Кәсіпкерлік және мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беру.

Кездесуге Тараз қаласының жұмыс берушілері, олардың ішінде «Казфосфат» ЖШС, Мектеп, колледж директорлары қатысты.

Жиын барысында Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директорының м.а. Сәуле Алимбаева сөз алды. Студенттердің университетті сәтті аяқтап, алғашқы жұмыс орнын тауып кетуіне тілектес екендігін білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ директоры жастардың жұмыс іздеуі, олардың түрлі бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігін айтып өтті.

Мамандар жастар практикасы туралы оқу орнын бітірген түлектерге бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында, www.enbek.kz электронды еңбек биржасын қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бітіруші түлектер жұмыс берушілерге болашақ жас маман ретінде көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

жумыс 1

жумыс 2

 

Прочитано 612 раз
Top