ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Дулати университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖОО – мектеп ынтымақтастық байланыстары: үздіксіз педагогикалық білім берудің трендтері» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өтті.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Клара Бузаубакова «SMART – PEDAGOG.KZ» педагогикалық порталы – заманауи педагогтердің цифрлы құзыреттілігін қалыптастырудың тетігі» тақырыбында баяндама жасады.  Практикалық бөлімде Айнұр Берденова «Білім сапасын көтеру: қиындықты шешу жолдары» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг жүргізді.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Миршат Елубаева «Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар-тренингте мамандар ойларын ортаға салып, тақырып төңірегінде пікір алмасты.

2

3

4

Прочитано 674 раз
Top