Елшілік өкілдері студенттермен кездесті

Өзбекстан елінің Қазақстандағы елшілік өкілдері Дулати университетінде оқитын өзбекстандық студенттермен кездесті.

Кездесуге Алматы қаласындағы Өзбекстанның бас елшісі Абдурахим Каюмов пен бірінші хатшысы Дилшод Сабиров арнайы келді. 8-желтоқсан – Өзбекстан елінің конституция күні. Осыған орай зум платформасы арқылы көршілес елдің оқытушылары мен профессорлары елдің басты құжаты – Конституцияның маңызы мен ерекшеліктері туралы тарихи деректерге тоқтала отырып баянадамалар жасады. Осы уақытқа дейін конституцияда қандай өзгерістер мен толықтырулар болғанын да айтып берді. Тарихи кезеңдерді әңгімелей отырып, құнды мағлұматтармен бөлісті.

Іс-шара соңында қонақтар конституция бойынша түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген студенттерге естелікке кітап сыйлады.

Айта кетейік, Дулати университетінде Өзбекстан елінің 79 азаматы оқиды. Бүгінгі таңда түрлі мамандықтар бойынша білім алуда. 

2

Прочитано 542 раз
Top