ОҚЫРМАН ҚАУЫМ ӘДЕБИ КЕШТЕ БАС ҚОСТЫ

Кітапханалық-ақпараттық орталығының  Көркем әдебиет секторы мен Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің   студенттері  қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері  Төлен Әбіктің шығармаларына арналған «Парасат майданының жауынгері»  тақырыбында әдеби  кеш өткізді. Іс-шара «Бір ел - бір кітап»  республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Әдеби кешке «Филология және журналистика» кафедрасының оқытушылары Бақытжан Мақашов, Зәуре Қойгелдиева, Айгүл Ануарбекова  Айгүл Иматаева және  кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Көркем әдебиет секторының жетекшісі Нұргүл Сапарғалиқызы «Бір ел- бір кітап»  республикалық акциясының тарихына тоқталып, биыл акция аясында белгілі драматург,  жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдікұлының шығармаларын оқу ұсынылғанын айтты. «Қарымды қаламгер – Төлен Әбдік»  атты дәстүрлі кітап көрмесін таныстырды.

Жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы қалың оқырманға да, әдеби ортаға да кеңінен танымал. Жазушы  талантының ерекше екеніне тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілінен шығып, ел құрметіне бөленді.

Кеш жүргізушісі «Филология және журналистика» мамандығының студенті Салтанат Болатбек Төлен Әбдіктің өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктерін баяндады.  «Филология және журналистика» мамандығының студенттері: Снежана Альжева «Өліара», Альбина Заутбек  «Жат перзент», Әкімжан Қуанышбекұлы   «Оралу»,    Әсем Асылбек «Оң Қол»,  Аяулым Рахымбек «Ақиқат»,   Жаннұр Әбдәлі «Тозақ оттары жымыңдайды»,   Эльниза Кемелбаева  «Бір күндік ашу»   және  «Электроэнергетика» мамандығының студенті Нұрдәулет Әбдібеков    «Қарасын» атты шығармаларының  мазмұндарына тоқталып, оқырманға аталған шығармаларды оқуға   кеңес берді.  

 «Мәдениет және өнер»    мамандығының студенттері қаламгердің «Оң қол»  шығармасы бойынша сахналық көрінісін ұсынып, көрерменннің ыстық ықыласына бөленді.

Әдеби кеш барысында студенттер Төлен Әбдіктің өлеңдерін оқыды.

 «Филология және журналистика» кафедрасының аға  оқытушысы Бақытжан Мақашов жазушының өмір жолына тоқталып, шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар – парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайтынын айтып өтті.

Кеш соңында өнер көрсеткен  қатысушыларға алғысхат тапсырылды.

2

3

4

Прочитано 672 раз
Top