Хабарландыру

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде  1 желтоқсан - Дүниежүзілік  ЖИТС -ке қарсы күрес күніне орай, 2023 жылдың қараша айының 21-ші жұлдызында Төле би даңғылы № 70. 4/1 ғимаратының АКТ залында АИТВ/ЖИТС-тің жеке профилактикасы тақырыбында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының дәрігерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Врач-эпидемиолог Александр Сергеевич Цзи дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттер мен дәрігерлер арасында ашық байланыс болды. Дәріс соңында ЖИТС орталығының мамандары студенттерден тегін және анонимді тест алып, қалаған уақыттарында кеңес алу мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. 

Ұйымдастырушы: Әлеуметтік жұмыс басқармасы.

Прочитано 612 раз
Top