Профессор еңбегі таныстырылды

Бүгін педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бұзаубақова Клара Жайдабекқызының «ҚР-да қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтердің цифрлі-құзіреттіліктерін қалыптастырудың теориясы мен практикасы» монографиясының тұсаукесері өтті.

Монография қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарық көрген. П.ғ.к., доцент Миршат Елубаева мен phd докторы, «Әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Перизат Құдабаева аталмыш монографияның орыс және ағылшын тілінде шығуына ықпал еткен авторлар.

Тұсаукесер салтанатына «Ұстаз» институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, Zoom платформасы арқылы еліміздің өзге жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты.

Институт директоры Орынқыз Көпбосынқызы құттықтау сөзін сөйлеп, монография бірнеше жылдық еңбектің нәтижесі екенін айтты. Болашақ педагогтар үшін мамандыққа баулитын, шеберлігін шыңдайтын көмекші құрал екенін атап өтті. Сондай-ақ, автордың ғылым жолындағы ізденісіне, мамандығына деген шексіз адалдығына тоқталды.

Ғылыми еңбектің авторы Клара Жайдарбекқызы монография педагогика саласындағы мамандарға, студенттерге қажетті құралға айналып, бағыт-бағдар береріне сенім білдірді.

– XXI ғасырдың ұстазы жан-жақты болу керек. Қашықтықтан білім беру, білім алуды жетік меңгере алған жөн. Осы мақсатта біз педагогика саласына баулитын смарт-педагог порталын құрдық. Білім беру жүйесі үздіксіз дамиды. Ал ұстаздар қауымы заманнан қалыс қалмай бірге дамып, жаңалықтарды меңгеріп, технология тілін игерулері керек,- деді.

Салтанатты шарада ҚР жоғары оқу орындарынан және Тараз қаласы мектептерінен ұстаздар өз құттықтауларын жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді.

Жиын барысында Клара Жайдарбекқызы еліміздегі ғылыми әлеуетті арттыру мақсатында келесі бір жобаны жеңіп алғанын және сол жоба бойынша жұмыс басталғанын жеткізді. Жобаны еліміздің төрт университеті бірігіп жүзеге асырады. Дулати, Жетісу, Алтынсарин және Ш.Уәлиханов атындағы университтер өзара консорциум құрып, келісімшартқа қол қойған. Жоба аясында онлайн-курстар, семинар-тренингтер өткізу жоспарланған. Жаңа жоба бойынша да портал құру көзделіп отыр.

WhatsApp Image 2023 10 30 at 09.54.57

WhatsApp Image 2023 10 30 at 09.54.57 1

WhatsApp Image 2023 10 30 at 09.54.57 2

           

Прочитано 875 раз
Top