НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ ДУЛАТИЛЫҚ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік конгресі аясында «Климаттың өзгеруі және экологиялық дағдарыс» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі Рае Квон Чунг қатысты.

Рае Квон Чунг - Инчхон ғылым конвергенциясы және технология институтының климаттың өзгеруі бойынша шешімдермен жұмыс істейтін құрметті профессоры. Ол Пан Ги Мун қорының климат және энергетика жөніндегі директорлар кеңесінің мүшесі, «Жаһандық энергетика» сыйлығының халықаралық комитетінің төрағасы.

Дулати университетінің бастамасымен ұйымдастырылған жиында су шарушылығы мәселелері, экологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты мәселелер талқыланды. Университет ректоры Мұхтар Байжұманов және "Қазфосфат" ЖШС-тің бас экологы Гүлжанат Ибадуллақызы баяндама жасады.

– Дулати университеті су саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі базалық ЖОО ретінде анықталды. Дулати университеті су шаруашылығы, су ресурстары, қайта өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, химия саласындағы зерттеулер бойынша Орталық Азиядағы жетекші ғылыми және білім беру орталығы болып табылады және өңір үшін кадрлардың «жеткізушісі» екені мәлім. Бүгінгі таңда Дулати университеті Су бағытындағы ұйымдармен консорциалдық келісімге қол қойды. Оның құрамына ҚР 6 ЖОО және 5 ғылыми ұйым кіреді, - деді университет ректоры.

Кездесуде жан-жақты пікірлер айтылып, түйткілді мәселелер бойынша ғалымдар арасында сұрақтар қойылып, шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг жиынның еркін форматта өтіп, қызықты әңгімелермен өрбігенін айтып, алғысын білдірді.

1

2

3

4

5

Прочитано 1000 раз
Top