Облыс әкімі жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Байжұманов және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті Нұржан Муслимовпен кездесті.
 
Кездесуде жоғары оқу орындарының басшылары білім ордаларының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
 
Тараптар сапалы білім беру, білікті маман даярлау, жатақхана мәселесін шешу, жастарды қолдау, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті.
 
Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Прочитано 707 раз
Top