Трансшекаралық өзендер – ортақ су көздері

Қазақстан Республикасы, жалпы алғанда су ресурстарына кедей мемлекет болып табылады. Былай алғанда, Каспий теңізі, Балхаш көлі және Арал теңізі бар ел болғанымызбен, түптеп келгенде ауыз суға жарамды судың басым мөлшері, көршілес мемлекеттерден келуімен, судың тәуелділігін арттырады.

Президентіміз, 2023 жылы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында – «Су ресурстары еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін» деп атап өтті.

Қазақстандағы негізгі ірі өзендер – Іле, Ертіс (екеуі де өз бастауын Қытай Халық Республиксынан алады), Сырдария (Өзбекстан Республикасынан), Жайық (РФ) трансшекаралық өзендер болып табылады. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер» деп, бұл мәселенің өзектілігін көтерді.

Күн өткен сайын, трансшекаралық өзендердің маңызы арта бермек. Орта Азия елдеріне ортақ су көздерін пайдалануда келісімшарттардың мәні артпақ. Сол себепті, Қазақстан нарығына 60 жылдан астам су шаруашылығы мамандарын даярлап келе жатқан Дулати университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтында «Су ресурстарын басқару» білім беру бағдарламасы ашылып, бірнеше жылдан бері мамандар даярланып, су саласы мекемелеріне жіберііп жатыр.

С.Жолдасов, «Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі

Прочитано 768 раз
Top