Академиктің асуы

«Адам мінезімен көрікті, еңбегімен бағалы» дейді халқымыз. Академик Аманқайт Асанов 80 жастың белесіне ғылыми ізденіс жұмыстарын абыроймен атқарып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің еңселі болуына аянбай еңбек етіп, ел құрметіне бөленген біртуар азамат ретінде жетіп отыр.

Ұстаздық қызметін «Суда еритін полимерлерді синтездеу және зерттеудің коллоидтық-химиялық негіздері» бағытындағы ғылыми ізденістермен ұштастырған ғалымның 570-тен астам ғылыми еңбектері әр түрлі ғылыми басылымдарда және алыс-жақын шет елдерде өткізілген халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар, конгресстер, симпозиумдердің материалдарында жарияланған.

Профессор, академик, ғылым, техника және білім беру ісінің еңбек сіңірген қайраткері Аманқайт Асановтың 2 монографиялық жинағы, 3 оқу құралы, сондай-ақ, ғылыми өнертабысының жүз он патенті атты кітабы басылып шыққан. Ғылыми зерттеу-ізденістерінің жаңа, айрықша, өзекті теориялық, тәжірибелік маңызды тұжырымдарына 110-нан астам КСРО-ның авторлық куәлігін, Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының патенттері, алдын-ала, инновациялық, пайдалы модельдеріне патенттерін алды. Солардан жасыл химиялық әдіс-тәсілдермен 60-қа тарта химиялық құрамымен ерекшеленуші жаңа жоғары тиімді суда еритін полимерлер - полиэлектролиттер синтезделіп, пайдалану бағыты нақтыланған. 10-нан астам ғылыми еңбектері мен патенттер нәтижелері қолданысқа енгізілді.

Аманқайт Асановтың жарты ғасырға жуық жемісті еңбек жолы – жастарға өнеге.

Осындай өнегелі өмір жолы бар академик бүгінде 80 жастың сеңгір биігіне шығып отыр!

Сізге, әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіз зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, ұзақ ғұмыр, жанұяңызға бақ-береке тілейді!

Сіздің, терең біліміңіз, кәсіби талантыңыз, бағындырған биік асуларыңыз – үлкен өмір мектебі!

WhatsApp Image 2023 08 31 at 12.03.47 1

WhatsApp Image 2023 08 31 at 12.03.47 2

Прочитано 995 раз
Top