Coursera платформасы қатысушыларымен кездесті

Coursera платформасы Қазақстан аймақтарындағы өз қатысушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кіріспе сөз сөйлеп, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев еліміздің жоғары оқу орындарының студенттеріне мүмкіндік берген жоба туралы айтып өтті. Coursera Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың «Оқыту мен жұмысқа орналасудың

болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Coursera платформасының еліміздің барлық өңіріндегі жоғары оқу орындарының тыңдаушыларына арналған кездесуіне М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректор

Мұхтар Байжұманов, Стратегиялық даму және интернацияландыру бойынша проректоры Шолпан Есімова, «6В01519-Физики және информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Сапарбай Керімбай қатысты.

Еліміздегі 25 жоғары оқу орнынан 25 студент Coursera курстарында жақсы көрсеткіштер көрсеткен болатын. Министрлік үздіктерді іріктеп, кездесуге шақырып, дипломмен марапаттады.

Дулати университеті «Coursera – қазақ тілінде» пилоттық жобасына қатысып, 1500 студентке платформаның әлемдік цифрлық кітапханаларына тегін қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Курстарды оқыту кезеңінде 1566-дан астам қатысушы сертификат алды. Оның 1193-і т қазақ тіліндегі курстарды дәріптегені үшін берілді. «Кәсіпкерлік I: кәсіптің негізі» курсын 500-ге жуық адам сәтті аяқтады. Олардың арасында «Белсенді компьютерлік қауіпсіздік», «Киберқауіптер мен шабуылдарды анықтау және азайту», «Киберқауіптер және шабуыл векторлары», «Бизнес үшін киберқауіпсіздікке кіріспе» атты 4 курстан сәтті өткен Дулати университетінің студенті Сапарбай Керімбай бар.

Айта кету керек, Coursera – әлемдегі жоғары оқу орындары мен студенттеріне арналған ең үлкен платформа. Дүниежүзіндегі 177 жоғары оқу орнының 11 мыңға жуық ақылы курс жүктелген. «Bilim Media Group» басшысы Рауан Кенжеханұлының айтуынша, Coursera платформа курстарын 200 мемлекеттің бәріне аударып бере алмайды, тек «Қазақстан халқына» қорының талабы бойынша, Coursera біздің университеттер іріктеп алған 654 курстың авторлық құқықтарын Ғылым және жоғары білім министрлігіне беру туралы келісім жасасқан екен.

2

3

4

Прочитано 865 раз
Top