Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры

Бүгін – халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн елдегі балдыр­ғандар мен балалардың төл мерекесі ретінде сипат алды. Яғни жеткіншектердің шын қуанып, шаттанатын, сыйлық алып, марқаятын мейрамы. 

Ал шын мәніне келгенде Балаларды қорғау күні – балдырғандарымызға мына әлемнің махаббаттан жаралғанын ұғындыратын, келер күннің жарқын боларына сенім ұялататын күн. Сондай-ақ балалардың өмірі мен құқығын, денсаулығы мен арман-тілегін қорғау, аялау, оларға қамқорлық жасау дәріптелетін күн. Болашаққа жарқын көз-қараспен қалыптастыру үшін, жас сәбилердің жүзіне қуаныш сыйлайтын айтулы мейрамдар көп болуы керек.

Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Ұстаз"институтында "Бала-көңілдің гүлі,көздің нұры" атты бағдарламалық шоу өтті. Іс-шарада бүлдіршіндердің көңілін көтеруге арналған ойындар ойнатылып,әуезді әндер шырқалды. Сондай-ақ, балақайларға сый-сияпаттар табысталып, ерекше әсер сыйлады.

WhatsApp Image 2023 06 01 at 14.23.37

WhatsApp Image 2023 06 01 at 14.23.47

WhatsApp Image 2023 06 01 at 14.23.50

 

Назерке ШАЙЗАДАЕВА,

Конвергеттік журналистика мамандығының 2-курс студенті.

 

 

 

 

Прочитано 956 раз
Top