Ынтымақтастық кеңеюде

Педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау, болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттілігін қалыптастыру қоғамда аса қажеттілікті тудыруда.

Дулати университетінің профессор-оқытушы құрамы осы ретте бірнеше бағдарламаларды жүзеге асырып, бүгінгі таңда ол жобалар нәтижесін көрсетуде. Тек қана мемлекеттік білім беру жүйелерімен шектелмей, әлемдік деңгейде шыңдалуды көздейдін оқытушылар жақында Грузия мемлекетінің Тбилиси   қаласындағы С.С.Орбелиани атындағы университеттінен   ғылыми тағылымдамадан өтті.

Бұл тәжірбие алмасуға жоба жетекшісі п.ғ.д., профессор К.Д.Бұзаубақова және жоба мүшесі, PhD доктор П.А.Құдабаева қатысты. Сондай ақ, Дулати университеті мен Грузия мемлекетінің С.С.Орбелиани атындағы университет ғалымдарының арасындағы коллаборативтік ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды.

1) М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасына қарасты 7М01005 – Білім берудегі менеджмент мамандығы бойынша басым бағыты студенттердің интеллектуалды және тұлғалық дамуымен үйлесетін және олардың жеке қызығушылықтары мен дербес қабілеттеріне сәйкес келетін академиялық ортаны құру болып табылатын С.С.Орбелиани атындағы университетінде   академиялық ұтқырлық, магистранттардың   ғылыми тағылымдамадан өту бойынша келісім шарт жасалынды.

2) AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми Жоба аясында Дулати университеті мен С.С.Орбелиани атындағы университет ғалымдарының арасындағы коллаборативтік ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастық орнатылды.

 

 

 

                                                        

 

Прочитано 1028 раз
Top