Жоғары білім берудегі ТМД-дағы алғашқы желілік кампус

Түлектер Дулати университеті мен Мәскеулік университеттің қос дипломын алады.

Алматы қаласында ТМД елдерінде тұңғыш жүзеге асырылатын желілік кампус жобасының таныстырылымы өтті.

Бұл – Дулати университеті, «Қазфосфат» ЖШС және Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің бірлескен жобасы. Химия өнеркәсібі үшін білікті кадрларды даярлауды көздейтін желілік кампус «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Ерекше форматта өткен жиында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов желілік кампустың басты басымдықтарын түсіндіріп өтті.

– Бұл жоба жастарға қандай мүмкіндіктер береді? Талапкер екі жыл Дулати университетінде химия және химия өндірісі саласындағы білікті профессор-оқытушылардан дәріс алады. 3-курста Менделеев  университетінде оқуын жалғастырып, білімін шыңдайды. Соңғы 4-ші жылы Қазфосфат заводының базасында оқу мен тәжірибені ұштастырып дайындықтан өтеді. Осындай үшжақты дайындықтан өткен мамандар үшін жұмыс орындары дайын - деді Мұхтар Қазбекұлы.

2023 жылы желілік кампус аясында "Бейорганикалық заттар технологиясы" атты алғашқы қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылады, негізгі бағыты — тыңайтқыштар өндіру. 2023 жылдың жазында бағдарламаға алғашқы қабылдау өтеді, сонымен қатар Қазақстанның басқа университеттерінен бағдарламаның бірінші курсына да, екінші және үшінші курсына да түсуге болады: бірінші курс студенттері үшін 175 орын, екінші және үшінші курстарға 150 орын қарастырылған. Түлектер М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Менделеев университетінің қос дипломын алып шығады.

«Химия өнеркәсібі саласында желілік білім беру кампусын іске қосу – еңбек нарығының сұранысына жауап беретін маңызды қадам. Бұл ТМД елдерінің білім беру кеңістігін дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша білім алатын студенттер автоматтандырылған, заманауи жабдықтармен табысты жұмыс істеуді үйренеді. Біз жастарды жаңа өндірістік желілерді жобалауға мүмкіндік беретін білім мен пәнаралық құзыретіліктерге бағытталған жүйемен оқытамыз. РХТУ – салаға бағытталған және оның кадрлық қажеттіліктерді үйлестіріп отыратын ғылым мен жоғары мектептердің бірегейі. Желілік бағдарламаның грантына ие болған жас талапкерлер ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы химпромның ірі зауыттарын іске қосуға қатысушы болады», – деп атап өтті Д. И. Менделеев атындағы РХТУ ректорының міндетін атқарушы Илья Воротынцев.

Жоба хэдлайнері, Tik-Tok арқылы танылған химик мұғалім Ұлан Үсенов болашақ химиктерге мамандықтың қызықты қыр-сырын таныстырды. ТМД елдерінде тұңғыш рет іске асырылатын жоғары білім берудің желілік кампусының таныстырылымына 600-ден аса оқушылар мен студенттер қатысты.

2

2

2

WhatsApp Image 2023 05 22 at 00.00.57 1

2

2

2

2

2

2

WhatsApp Image 2023 05 22 at 00.00.57 1

2

2

Дулати университетінің
медиа-қызметі

Прочитано 875 раз
Top